Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Саттар Естемесов атындағы орта мектебі» КММ
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 17 қыркүйек күні " Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық" тақырыбында мектеп ата- аналар комитетінің
І отырысы өткізілді.Күн тәртібінде:
1.Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары
2.Мектеп ата- аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері
3.Мектеп ата- аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Мектеп ата- аналар комитеті мүшелеріне
" Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы ның мақсаты айтылды."Мектеп пен ата- ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы: жүйелі тәрбие жұмыстары"тақырыбында Сыдықова Ж түсіндірді.Сынып жетекшілер " Сыныптағы жағымды ахуал- қолайлы орта мен тұлға дамуының негізі" туралы айтты." Ата- аналар қауымдастығы - саналы тәрбие мен ортақ бастамалар" ата- аналар комитеті сайланды.
Дауыс беру арқылы ата- аналар комитетінің төрағасы Әбдіхалықов Ержан Қожанұлы және комитет мүшелері сайланды.Ата- аналар комитеті көптеген ұсыныстарын білдірді.Алда осы мәселелер шешімдерін шешу көзделді.
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы жоспарына сай Отбасы күніне орай
" Отбасындағы қыз баланың орны" тақырыбында жиын өткізілді.Қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттер насихатталды.Қыз балаларға кеңестер берілді.
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналар жиналысында қаралатын мәселелер:
1.2025-2026 оқу жылындағы оқу- тәрбие жұмысының мақсаты,міндеттері ,атқарылатын жұмыстар . Директордың міндетін уақытша атқарушы Абдиханқызы Г
2."Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру.ДТІ ЖО : Сыдықова Ж Қ
3.Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын жандандыру.
4."Даналық мектебі" жұмысын бекіту.
5."Бала қауіпсіздігі- басты мақсатымыз!" психологиялық кеңес беру. Психолог: Секербекова А
6."Оқушылардың әлеуметтік жағдайы" әлеуметтік - педагог Бағызбаева К
7.Ата- аналар комитетін сайлау.
Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде 8 қыркүйек күні шыққан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын директордың міндетін уақытша атқарушы Аддиханқызы Г таныстырып шықты.Ұжым мүшелеріне Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін талдап,талқыланды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыдықова Ж оқу мен тәрбиеге қатысты "Заң және тәртіп" туралы айтылған тапсырмасын орындауымыз керек деп ой бөлісті.Қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу,жол бермеу басты нысанамыз болып табылады.Ұстаздар ұжымы бірауыздан Жолдауды қолдаймыз !






